Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті

0
273

Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген.


Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті

фото: Комитет по чрезвычайной ситуации министерства внутренних дел Казахстана

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін ауданға тікұшақпен жетті, деп жазады sputnik.kz.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген.
Уақытты жоғалтпас үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері оқиға орнына санитарлық авиация тікұшағымен жедел жеткен.
Аудандық ауруханада нейрохирург пен анестезиолог-реаниматолог баланың өмірін сақтау үшін аса күрделі декомпрессионды трепанация отаны сәтті орындап шықты. Мамандардың айтуынша, бұл - бас миын өлімге әкелуі мүмкін қысымнан құтқару үшін жасалатын аса ауыр, өмірді сақтайтын операция.
Мұндай ота науқастың өміріне тікелей қауіп төнгенде ғана жасалады және ол дәрігерлер үшін ең жауапты, ең қиын шешімдердің бірі болып саналады.
Баланың жағдайы тұрақталған соң, дәрігерлер консилиумының шешімімен ол санитарлық авиация арқылы реаниматолог-дәрігер мен фельдшердің қатаң бақылауымен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тікұшақпен аман жеткізілді.

Қазіргі таңда балаға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, дейді министрлікте.