«Жаңа форматта, санитарлық таза» – Қазақстан жолдарында салынатын әжетханалар

0
907

​Қазақстан жолдарында жаңа форматтағы санитарлық талапқа сай әжетханалар пайда болады. Қашан?


«Жаңа форматта, санитарлық таза» – Қазақстан жолдарында салынатын әжетханалар

ERNUR.KZ. Жуықта Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының орынбасары Олжас Бектенов жолдардың бойындағы адам көргісіз әжетханалардың фотосын Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне көрсетті, деп жазады altaynews.kz.

– Әжетханалар қарапайым ғана санитарлық-гигиеналық талапқа сай келмейді. Ішіне ену мүмкін емес, – деді О.Бектенов.

Содан кейін ол біздегі әжетханаларды Норвегияның әжетханаларымен салыстыра, арнайы түсірілген видеоны көрсетті.

– Сыныңызды қабылдаймыз. Көтерген мәселеңіз өзекті. Ол кездегі жобалар ескі тәсілмен сызылып, кірпішпен салынған еді. Болашақта оны өзгертеміз. Төрт түрлі санитарлық торап орнатылады. Сол үшін инвестициялық тендер өткізбекпіз, – деп жауап берді вице-министр Берік Қамалиев.

Айтуынша, жолдардың бойында алдағы үш жылдың ішінде санитарлық талапқа сай келетін, жаңа форматтағы 300 әжетхана пайда болады. Оларды сол жерден сауда орындарын ашқан кәсіпкерлер салады.