Жаңа Парламентте 145 депутат болуы мүмкін

0
119

Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын қызу талқылады.


Жаңа Парламентте 145 депутат болуы мүмкін

Фото: Мәжіліс

ERNUR.KZ. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Болашақ Парламентке Құрылтай деген атау беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ал, депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды. Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді. Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру", – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс.

"Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада!
Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс! Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.