Жаңа жылда жүргізушілерді жақсы жаңалық күтіп тұр

0
96

Көлік пен мүлік салығына бірқатар жеңілдік қарастырылып отыр.


Жаңа жылда жүргізушілерді жақсы жаңалық күтіп тұр

фото: Pixabay / Pexels

ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік пен мүлік салығына қатысты өзгеріс енгізілді, деп жазады sputnik.kz.
Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, көлік пен мүлік салығына бірқатар жеңілдік қарастырылған.
"Ең алдымен қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көлік иелеріне салынатын салық мөлшері азаяды. Бұған дейін 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін төлеп келген жүргізушілер енді шамамен 460 мың теңге көлемінде салық төлейді. Сонымен қатар ескірген көліктерге жеңілдік қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 2026 жылдан бастап бизнеске салынатын салықтар саны 20%-ке төмендейді. Жаңа Салық кодексті салықтық әкімшілендіруді ауқымды оңайлатуды көздейді. Есептілік көлемі 30%-ке, салықтар саны 20%-ке қысқарады.
Сондай-ақ жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады, бірыңғай жер салығы жойылады, төлемдердің жекелеген түрлері бойынша ставкалар саны қысқартылады. Өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салығынан бастап инвестицияларды ынталандыруға және салық жүктемесін қайта бөлуге дейінгі барлық негізгі бағытты қамтиды.