Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді

0
100

Топ мұнай-газ саласындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласқан.


Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді

Фото әлеуметтік желіден

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ішкі істер органдарымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп жазады inform.kz.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, топ мұнай-газ саласындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласқан. Олар кәсіпорын жұмысшыларын жаппай наразылық акцияларына шығуға итермелеп, тапсырыс беруші «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржы алуға тырысқан.
Күштік құрылымдардың уақтылы әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында адам өліміне, жаппай тәртіпсіздік пен тонаушылыққа жол берілмей, қылмыстық топ ұсталды.