Жаңаөзенде "Мұнайспецснабкомпани" көлік компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты

0
153

Жұмысшылардың айтуынша еңбек құқықтары бұзылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшыраған.


Жаңаөзенде

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде "Мұнайспецснабкомпани" көлік компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты, деп жазады sputnik.kz.
Жұмысшылардың басшылыққа қойған талабы әлеуметтік желіде тарады. Олардың айтуынша еңбек құқықтары бұзылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшыраған.
"Біздің талаптарымыз орындалсын, жұмысшылардың дауысы естілсін", — деген ұжым билікке және "ҚазМұнайГазға" бейнеөтініш жолдады.
Ереуілге қатысты Sputnik Қазақстанға Энергетика министрлігі түсініктеме берді.
"29 қазандағы жағдай бойынша компаниядағы жағдай реттелді, кәсіпорынның жұмысы толық қалпына келтірілді, еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды", - дейді министрлік.
Ведомствоның мәліметінше жұмысшылардың талабы "Мұнайспецснабкомпани" ЖШС басшылығына тікелей жолданған.
"Компания басшылығы мен қызметкерлер келіссөздер нәтижесінде келіспеушіліктерді шешу туралы келісімге келді. "Мұнайспецснабкомпани" ЖШС "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-не көлік қызметтерін көрсетеді", - дейді министрлік.
"Мұнайспецснабкомпани" 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, ҚМГ құрылымдарын қоса алғанда, мұнай сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.