Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы жас спортшы өзінің инстаграм парақшасында жариялады, деп жазады 24.kz.
«Біздің мақсатымыз – Алматыны әлемдік шахмат орталығына айналдыру, басқа елдердің шахмат федерацияларына үлгі болатындай ету. Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», – деп атап өтті Жансая Әбдімәлік.