"Жарылғыш зат қойылғаны хабарланған": Алматыда Mega сауда орталығында келушілер эвакуацияланды

0
67

Полиция жалған хабарлама берген адамның жеке басын анықтап жатыр.


Фото: Желі кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан Mega Alma-Ata сауда орталығында белгісіз адам жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабар таратқан. Салдарынан келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп жазады stan.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат түскен бойда барлық жедел қызметтер мен арнайы бөлімшелер жұмылдырылған. Сауда орталығының аумағы қоршауға алынып, ғимаратты комиссиялық тексеруге мамандар келген.

Полиция жалған хабарлама берген адамның жеке басын анықтап жатыр. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Ведомство тұрғындарды тыныштық сақтауға, құқық қорғау қызметкерлерінің талаптарын орындауға және қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырды.