Фото: gov.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Жаслан Мәдиевтің еңбек жолы
- Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» Инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері (2007 ж)
- Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (2020-2022 жж)
- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі (2022ж)
- Binance Kazakhstan бас менеджері (2022-2024 жж)
- ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2024 жылғы 6 мамыр)