Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.
ERNUR.KZ. Алматының Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды, деп жазады tengrinews.kz.
Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.
"Қайырлы күн! Бүгін Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды. Бұл бірінші рет емес, неге ұсталмайды?" – делінген видеоның сипаттамасында.
Медеу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, бұл факт бойынша "Газель" көлігінің жүргізушісінен арыз түскен.
"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп тасты тәркіледі. Жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жо. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша іс қозғалды. Іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Олар міндетті түрде заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.