Жеке тұлғаларға қатысты шектеу шараларын бұзғаны үшін айыппұл 83 мың теңге, ал жеке кәсіпкерлер үшін бұл 600 мың теңгеден асады.
ERNUR.KZ. Атырауда енді эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жасырын үйлену тойларын ұйымдастырушылар ғана емес, қонақтардың көңілін көтеретін асаба, фото-видеооператорлар да жазаланады, деп жазады azh.kz.
"Бұл адамдар да құқық бұзушылар, сондықтан біз оларды жауапқа тартамыз", - дейді Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек ХАМЗА.
Қалалық СЭС-ке астыртын өткізілген той-жиындарға қатысты бойынша үш әкімшілік іс түскен. Бірінде асабаға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Екі шоумен айыппұлды елемеген, олар іздестірілуде.
Еске сала кетейік, жеке тұлғаларға қатысты шектеу шараларын бұзғаны үшін айыппұл 83 мың теңге, ал жеке кәсіпкерлер үшін бұл 600 мың теңгеден асады.