"Жасырын той жасауды жалғастыруда": Атырау облысында карантин күшейтіледі

0
737

Соңғы тәуліктерде облыста коронавирус жұқтырған 400 науқас адам тіркелген.


ERNUR.KZ. Атырау облысында карантин шаралары күшейтіледі. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаламқас Аманжолованың айтуынша, өңірде карантин шараларын күшейтуге барлық негіз бар, деп жазады kaz.nur.kz.

Аманжолованың сөзінше, соңғы тәуліктерде облыста коронавирус жұқтырған 400 науқас адам тіркелген. Оның 257-сі – профилактикалық скрининг кезінде анықталған.


"Бұлар - негізінен мұнай кәсіпорындарының жұмысшылары. Екінші себебі – Атырауда өздері жүгінген адамдар саны көбейіп жатыр. Өкінішке орай, көп адам инфекцияның бар екеніне сенбей, оқшаулау ережесін сақтамады, жасырын түрде той мен садақалар жасауды жалғастырып жатыр. Эпидемиологиялық тергеу жүргізген кезде науқастардан "қай жерге бардыңыз, кіммен қарым-қатынаста болдыңыз" деп сұрасақ, әдетте, садақаға немесе тойға барып едім деп айтып жатады. Маска тағып, қашықтық сақтап, антисептикті қолданып, барынша үйде отырыңыздар дегім келеді", - дейді Аманжолова.

Облыстың бас санитардың дәрігерінің қаулысына сәйкес, 27-28 маусымда демалыс күндеріне өңірде шектеу шаралары енгізілмек.