Жатақханадағы тағы бір өлім: Назарбаев Университетінің студенті терезеден құлап кетті

0
98

Қайғылы жағдай 15 тамызда болғаны айтылды, бірақ ол туралы ақпарат енді белгілі болып отыр.


Жатақханадағы тағы бір өлім: Назарбаев Университетінің студенті терезеден құлап кетті

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанадағы Назарбаев Университетінің жатақханасында 12-қабаттағы терезеден студент қыз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 15 тамызда болғаны айтылды, бірақ ол туралы ақпарат енді белгілі болып отыр. Астана Полиция департаменті мәліметінше, 22 жастағы қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді полиция өкілдері.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі кампус аумағында болған қайғылы жағдайды растады. Олар тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырды.

"Университет марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Барлық қажетті әрекет жедел қабылданды: төтенше қызметтер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл соңғы бір айдағы Назарбаев Университетінде болған екінші қайғылы жағдай. 18 шілдеде жатақханадан бір студент қыздың мәйіті табылған еді.