Жээнбеков Тоқаевқа Қытайдан қырғыздарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс айтты

0
833

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.


Жээнбеков Тоқаевқа Қытайдан қырғыздарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс айтты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп жазады sputniknews.kz.

Әңгімелесу барысында Қазақстан президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапары қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.
"Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды", - делінген ақпаратта.
Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.