Желіде «Дикий Арманның» қатысуымен видео тарады

0
623

Әлеуметтік желіде сыртқы белгілері қылмыстық ортада беделі бар «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын адамның біреудің шекесіне пистолет тақап қорқытқан видеосы тарады.


Желіде «Дикий Арманның» қатысуымен видео тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын адам бейнеленген видео тарап жатыр, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік желіде сыртқы белгілері қылмыстық ортада беделі бар «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын адамның біреудің шекесіне пистолет тақап қорқытқан видеосы тарады.

Видеодағы адамдардың қолына ақ таңғыш байлағанына қарағанда, бейнежазба қаңтар оқиғалары кезінде түсірілгенге ұқсайды.


Айта кетейік, 7 ақпанда Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров тергеу изоляторында екенін айтқан болатын.

Қазіргі таңда 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі «адам өлтіру», «ұрлық жасау», «қарақашылық» жасағын үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталды. Оның ішінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев пен оның топ мүшелері бар. Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп, ұрып-соққан. Оның нәтижесінде 1 адам қаза тапты. Бұдан басқа, қарақшылар 12 қалалық ауруханада қарақшылар полицияны қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Әлеуметтік желіде Жұмагелдиев босатылған немесе жоғалып кеткен деген жалған ақпарат таратылып жатыр. Осыған дейін ол қару сақтағаны үшін ұсталғаны болса, қазір ол жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатыр, - деді Ожаров.

Ол атағандай, Жұмағалиев ҰКҚ-нің тергеу изоляторына ауыстырылды.