Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша кезекке VIN-код арқылы тұрады

0
1 186

Қазақстанда шығарылған көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек.


Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша кезекке VIN-код арқылы тұрады

ERNUR.KZ. Бүгін жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы басталды. Жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жыл ішінде бір-ақ рет беріледі. Сонымен қатар бағдарламаның биылғы ерекшелігі көлік алу үшін VIN-код арқылы кезекке тұру көзделген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алдымен көлік алушы автосалонға барып ала алады. Егер қолда болмаған жағдайда автосалонда электрондық кезекке тұрады. Кезегі келгенде барып қана екінші деңгейлі банкке барып несие алады», - дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

Оның сөзінше биыл көлік тапшылығы болмайды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ғалымжан Әдидің айтуынша, жеңілдетілген атонесиенің сыйақы мөлшері – 4 пайыз, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды. Несие көлемі 10 млн теңге болады, яғни Қазақстанда шығарылған көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна көзделмеген. Дегенмен автокөліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, несиеге өтініш білдіруші азамат жетіспейтін ақшаны өз қаражаты есебінен толтырады.

Белгілі болғандай аталған бағдарламаға 4 банк: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және «Еуразиялық банк» қатысады. Алдағы уақытта банктер саны көбеюі мүмкін.

Жеке автопаркті жаңартуды ынталандыру мақсатында ҚР азаматтарына жеңілдікпен несие беру бойынша автокөлік сатып алу, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту үшін «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен бағдарлама әзірленді.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды.