Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

0
591

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері 14 автокөлік салонынан үш техникамен 24 адамды құтқарып, Үшарал мен Достыққа жеткізді.


Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды, деп жазады tengrinews.kz.

16 желтоқсанда сағат 07.40-та облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне Алакөл ауданы Достық-Үшарал тасжолының "Ырғайты" учаскесінде ауа райының қолайсыздығына - қарлы боран мен жол көрінбеуіне байланысты бірнеше көлік жолда қалып қойғаны хабарланған.

Сағат 15.30-да Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері 14 автокөлік салонынан үш техникамен 24 адамды құтқарып, Үшарал мен Достыққа жеткізілді.

"Осымен бірге сол күні таңертең Достық-Үшарал тасжолында 15 желтоқсанда кешке қар құрсауында қалған үш көліктен Достық-Үшарал тасжолында тұрып қалған 6 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың ешқайсы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын алыс сапарға шығарда ауа райы жағдайларымен танысып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.