Жетісу облысының соты Елтаңбаны далаға тастағаны үшін жауапқа тартылды

0
774

Желіге жарияланған видеода Елтаңба макеті Жетісу облыстық сотының ғимараты аумағында жерде жатқанын көруге болады.


Жетісу облысының соты Елтаңбаны далаға тастағаны үшін жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысының соты Елтаңбаны ауласына тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл видео желіге жарияланып, полиция бірден шара қолданды, деп жазады Stan.kz.

Желіге жарияланған видеода Елтаңба макеті Жетісу облыстық сотының ғимараты аумағында жерде жатқанын көруге болады.

"Жетісу облыстық полиция Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 418-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.