10 шілдеде Жезқазғанда "Ан-12" ұшағы апатты жағдайда қонған болатын.
фото: ИА Новости-Казахстан, Анатолий Устиненко
ERNUR.KZ. Жезқазған әуежайы авиациялық оқиғадан кейін штаттық режимде жұмысын қайта бастады. Бұл туралы "Жезқазған Эйр" компаниясының бас директоры Нұрлан Лебаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Жезқазған әуежайының аумағында Ан-12 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғадан кейін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс қысқа мерзімде аяқталды. Бүгінде әуежай штаттық режимде жұмыс істейді, рейстерге қызмет көрсету шектеусіз жүзеге асырылуда, деді компаня басшысы Нұрлан Лебаев.
"Әуежай ұжымының үйлесімді іс-қимылының арқасында әуе айлағының жұмысы жедел қалпына келтірілді. Мамандар қысқа мерзімде инфрақұрылымның қауіпсіздігін және әуежайдың одан әрі пайдалануға дайындап, барлық қажетті іс-шаралар кешенін орындады", - дейді ол.
Қазір әуе айлағы рейстерді қабылдап, жіберуді жалғастыруда. Ал жолаушылар әуежай қызметтерін әдеттегідей пайдалана алады.
Еске сала кетейік, 10 шілдеде Жезқазғанда "Ан-12" ұшағы оқыс жағдайға тап болды. Ұшақ апатты жағдайда қонды.