Жезқазғанда балалар түн ортасында ойын алаңын өртеп жіберген

0
79

Үш бала түн ортасында көшеден тауып алған жемпірін өртеген.


Жезқазғанда балалар түн ортасында ойын алаңын өртеп жіберген

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласы Түсіпбеков көшесіндегі үйдің ауласында үш бала ойын алаңын өртеп жіберген. Оқиға 7 шілдеде түнгі сағат 4:00 шамасында болған, деп жазады stan.kz.

Үш бала түн ортасында көшеден тауып алған жемпірін өртеген. Жалын балалар сырғанағына тарап, нәтижесінде пластикалық жақтау түгел өртеніп, жақын жерде тұрған ағаш орындық та зақымданған.

"Бұл оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтадық. Тергеу қорытындысы бойынша олардың ата-аналары бала тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.