Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды

0
207

​Оларға медициналық көмек қажет болмады.


Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінде екі бала қамалып қалды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді, деп жазады baq.kz.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, бесінші қабаттан төмен түсіп, төртінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді.

Пәтерде болған екі бала аман-есен шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.