​Жинақталған қаржының зекетін анықтап беретін мобилді қосымша іске қосылды

0
1 144

Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау.


​Жинақталған қаржының зекетін анықтап беретін мобилді қосымша іске қосылды

ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобильді қосымшасын іске қосты, деп жазады sputniknews.kz.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қосымшада "зекетті есептеу", "зекет кітабы", "қор туралы", "біздің іс-шаралар", "онлайн садақа жасау", "мұқтаж жандар базасы" сынды басты мәзірлер арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады.

"Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау. Қосымшаға көмекке аса зәру жандардың ортақ базасын енгіздік. Онда науқастың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, медициналық анықтамалар, т.б. қажетті құжаттар жүктелген. "Онлайн садақа жасау" мәзірі арқылы аталған кісіге көмек бере аласыз. Қордың басты ұстанымы – елімізде шариғат (ханафи мәзһабы негізінде) бойынша садақа-зекет беру дәстүрін қалыптастыру, қаржылық мөлдірлікті, бәріне бірдей ақшалай ашықтықты қамтамасыз ету", – дейді "Зекет" қорының директоры Талғат Омаров.

Талғат Сейіткәрімұлының айтуынша, мобилді қосымшаның бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобилді қосымшаны "Play Mapкет" жүйесі арқылы "ҚМДБ зекет" сөзін жазып, жүктеп алуға болады.