Жоғалған қыз Тобылда бұталардың арасынан табылды

0
557

Үйден 900 метр жердегі бұталардың арасынан Аладдин атты іздеуші иттің көмегімен табылды.


Жоғалған қыз Тобылда бұталардың арасынан табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының полицейлеріне Тобыла қаласының тұрғыны хабарласып, кәмелетке толмаған баласының жоғалып кеткенін хабарлады, деп жазады zakon.kz.

7 жасар қыз 20:50-де үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасының айтуынша, бұл бірінші рет емес.

"Хабарламаны алған жеке құрам дереу іздеуге кірісті. Жағдайлық штаб ұйымдастырылып, онда барлық күштер мен құралдар қаланың барлық аумағына таратылып, тұрғылықты жеріне жақын орналасқан барлық көшелер нақты сызылған. Жедел іздестіру шаралары барысында екі сағаттың ішінде бала табылып, отбасына тапсырылды", - деп мәлімдеді Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы міндетін атқарушы Мұхтар Жармұхамедов

Қыз үйден 900 метр жердегі бұталардың арасынан Аладдин атты іздеуші иттің көмегімен табылды. Белгілі болғандай, ол адасып қалған. Табылған қыздың анасы полицейлерге баласын сау және ешбір зақымсыз тапқаны үшін алғысын білдірді.