Жол апаттарының алдын алуға көмектесетін қосымша іске қосылды

0
465

Яғни тәртіп сақшысының планшетіне айналадағы жүргізушілер туралы ақпарат дер кезінде түсіп отырады.


Жол апаттарының алдын алуға көмектесетін қосымша іске қосылды

ERNUR.KZ. "Қорғау" бағдарламасы көше камераларының деректерін талдап, жол ережесін бұзғандар анықталса, жақын маңдағы полицейге хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Яғни тәртіп сақшысының планшетіне айналадағы жүргізушілер туралы ақпарат дер кезінде түсіп отырады. Қазір бұл жоба Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Атырау және Түркістан қаласында жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде 1 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

726 жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған көлік иесі анықталды. Автокөлік басқару құқығы жоқ немесе бұрын осындай құқықтан айырылған 2285 жүргізуші ұсталды.