Жолдардың қауіпсіздігін бағалайтын ұлттық бағдарлама іске қосылды

0
205

Бағдарлама Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасымен (iRAP) бірлесе жүзеге асырылады.


Жолдардың қауіпсіздігін бағалайтын ұлттық бағдарлама іске қосылды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Жолдардың қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік беретін ұлттық KazRAP бағдарламасын іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл жөнінде көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев Кавказ және Орталық Азия құрылыс форумының ашылуында жариялады.
KazRAP - жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру бойынша ұлттық жүйенің негізгі элементіне айналады, дейді министрліктегілер.
"Бағдарлама жолдардың жай-күйін халықаралық әдістемеге сүйене тәуелсіз бағалауды, жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға, инвестициялардың тиімділігіне мониторинг жүргізуді және жол қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық жоспарлауды көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлама Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасымен (iRAP) бірлесе жүзеге асырылады.