ЖОО-ға түскісі келетіндерге: грант конкурсына құжаттарды қабылдау қашан басталады

0
194

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатыны да нақтыланады.


ЖОО-ға түскісі келетіндерге: грант конкурсына құжаттарды қабылдау қашан басталады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылдың 25 маусымында Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге арналған маңызды ақпаратпен бөлісті. Қазақстанның болашақ студенттеріне грант конкурсына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылатыны жеткізілді, деп zakon.kz.

Сондай-ақ құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатыны да нақтыланады.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
  • B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласа аласыздар.

Айта кетсек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайына тоқталып, оның тың жаңашылдығымен бөліскен болатын.