Жұмыста болмаған: Екібастұз ЖЭО учаске басшысының өліміне қатысты ақпарат шықты

0
726

Басқарма басшысы желіде тараған Екібастұз ЖЭО учаске басшысы Сергей Видлогтың өліміне қатысты ақпаратпен бөлісті.


Жұмыста болмаған: Екібастұз ЖЭО учаске басшысының өліміне қатысты ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Орал Бағдат жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Басқарма басшысы желіде тараған Екібастұз ЖЭО учаске басшысы Сергей Видлогтың өліміне қатысты ақпаратпен бөлісті.

Ол азамат жұмыс орнында болмаған, сол күні демалыс болған, - деп атап өтті Бағдат Орал.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

6 қарашада Павлодар облыстық Полиция департаменті аталған факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

Өлімнің алдын ала себебі тұншықтырғыш газға улану делінген.