Гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жөнелтілді.
Су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Зардап шеккен өңірлерге алғашқы қолдау көрсеткендердің қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де бар, деп жазады ERNUR.KZ.
ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылып, оның аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.
Гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті жеткізгенҚХА Төрағасының орынбасары Ақбаржан Исмаилов, «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаевазық-түлік пен алғашқы кезде қажет болатын заттардызардап шеккен халыққа үлестіріп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.
Гуманитарлық көмектің екінші бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жөнелтілді.
Ассамблея сенаторлары Алишер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповских жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
ҚХА республикалық штабының мүшелері басқа да зардап шеккен өңірлерге баратын болады.
Еліміздің барлық өңірлерінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. ҚХА-ның қолдауымен жиналған гуманитарлық көмек сомасы — 110 млн теңгеден астам.
ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, құтқарушыларға жәрдем береді және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпараттарды жариялайды.
Құтқарушылар мен еріктілерге жергілікті жерлерде ҚХА тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылуда.