Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметшілердің мүлкі туралы ақпарат жарияланады

0
109

Бірақ құжаттарда жалақы жөнінде мәлімет көрсетілмейді


Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметшілердің мүлкі туралы ақпарат жарияланады

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін саяси мемлекеттік қызметшілердің мүлкі туралы ақпарат жарияланады, деп жазады sputnik.kz.
Олар 15 қыркүйекке дейін декларация тапсырады, ал жыл соңына дейін саяси қызметкерлер туралы мәліметтер әр министрліктің сайтында жарияланады.
"Министрліктердің кадр бөлімдері мемлекеттік саяси қызметшілердің декларациясын басып шығарады. Өткен жылы сатып алғанның бәрі, соның ішінде мүлік, бағалы қағаздар және тағы басқасы бар. Сонымен қатар қаржыландыру көздері көрсетіледі", - деді Жұманғарин.
Онда жалақы көрсетілмейді, өйткені қаржы министрлігі бұл соманы "көріп отыр".