Алматыдағы Үлкен Алматы айналма жолы аумағына әлдекімдер кішкентай қызды тастап кеткен.
ERNUR.KZ. Сәби арбада болған, деп жазады tengrinews.kz.
Сәби Үлкен Алматы айналма жолының бесінші шақырымынан табылды. Табылған баланың видеосы TikTok-та тарады.
"Далада кіп-кішкентай баланы қалдырып кеткен ғой. Құдайдан қорықпайды. Жұмыс жақтан келе жатқанбыз. Бір сағаттан бері жүрміз. Ешкім жоқ. Не істесек болады? Жыламайды өзі, күліп қояды. Ешбір құжаты да жоқ, ми далада қалай қорықпайды?", - дейді видео авторы.
Алматы облысының полиция департаменті 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында кәмелетке толмаған баланың табылғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.
"Бұл ақпарат Қарасай аудандық полициясында тіркелді. Бұл фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды. Полиция қызметкерлері әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ата-аналармен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар ҚР Қылмыстық кодексінің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары таныстырылды", - деп хабарлады ведомство.