Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін

0
319

Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін.


Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Аталған шараларды көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады", - делінген көлік министрлігі таратқан ақпаратта.
Жалпы көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Яндекс Go және inDrive арасында қол қойылған Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.
Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.

Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.