Жылдық инфляция 11-14%-ке дейін төмендейді деген болжам бар – Ұлттық банк

0
436

Мамыр айында жылдық инфляция 15,9% болды.


Жылдық инфляция 11-14%-ке дейін төмендейді деген болжам бар – Ұлттық банк

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов инфляцияға қатысты болжамды бөлісті, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты елдегі инфляцияның одан әрі баяулауына ықпал етеді.
"Біздің жаңартылған болжамдарымыз бойынша, 2023 жылы жылдық инфляция 11-14% шегінде қалыптасып, 2024-2025 жылдары одан әрі баяулайды. Реттелетін қызметтерге тарифтердің ұлғаюына қарай және жанар-жағармайдың қымбаттауы баға деңгейіне тікелей және жанама әсер етуіне байланысты инфляция бойынша болжам өсу жағына қайта қаралды", - деді Пірматов сенаттың жалпы отырысында.
2023 жылғы мамыр айында жылдық инфляция наурыз айында басталған төмендеу үрдісін жалғастырып, 15,9%-ті құрады. Азық-түлік инфляциясы 16,5%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 17,2%-ке, сервистік инфляция 13,5%-ке дейін баяулады.