Зират маңына апарып соққыға жыққан: атыраулық блогер үндеу жасады

0
123

Блогердің сөзінше, ол Ыстамбұлға турды жарнамалауға келіскен.


Зират маңына апарып соққыға жыққан: атыраулық блогер үндеу жасады

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Атыраулық блогер әлеуметтік желіде жантүршігерлік жайт туралы мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Блогердің сөзінше, ол Ыстамбұлға турды жарнамалауға келіскен. Кейін өзі де 100 мың теңге алдын ала төлеген. Алайда тур жасалмаған. Ал ұйымдастырушыдан ақшасын қайтаруды талап еткен кезде оған қоқан-лоқы жасала бастаған.

Жәбірленушінің сөзінше, 3 қазанда турды ұйымдастырған қыз құрбысымен бірге оны аңдып, "сөйлесейік" деп көлікке отырғызған, кейін зират маңына апарып, ұрып-соққан.

Полиция пікірі

Атырау облыстық ПД мәліметінше, 4 қазанда 25 жастағы атыраулық тұрғын өзіне таныстары дене жарақатын салғаны жөнінде арызбен жүгінген.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау жазбалары алынды. Куәгерлерден жауап алынып, беттестіру өткізіліп жатыр. Бұл істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Атырау облыстық ПД басшысы.