Қазақстан

Полиция Нұр-Сұлтанда тергеу абақтысында көз жұмған Дулат Ағаділге қатысты ақпарат берді

Белсендінің өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін екені айтылды. Денесінде ешқандай жарақат болмаған.

Круиз лайнеріндегі қазақстандықтар неліктен басқа жолаушылармен бірге ұшып келді

23 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға Токио-Нұр-Сұлтан рейсімен 20 жолаушы келген. Оның 16-сы – Қазақстан азаматы. Төртеуі - Diamond Princess карантинге жабылған лайнерінің ішінде болған жолаушылар.

Қазақстанда әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Қазіргі уақытта әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасы төлеуге мәжбүр, төленбеген жағдайда банк өсімпұлы қосылып жатыр.

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды.

Жарнамаға сенген: Заңгер "Гарант 24" ұйымының арбауына түскендерге блогерлер мен әртістерді сотқа беруге шақырды

Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Қызылордада кәсіпкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Туыстары оны көлік қағып, қорыққанынан басқа жаққа апарып тығуы немесе лақтырып кетуі мүмкін деп болжайды.

Хромтау ауданында атыс болып, бес адам жарақат алды

21-22 жастағы жас жігіттер қару атысып, бес адам жарақат алған.

Қордайдағы қақтығыс: ішкі істер министрлігі тың дерек жариялады

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде адам өлтірді деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, полиция қанша адам тергеліп жатқанын жарияламай отыр.

ТҮРКІСТАН: Шекара бекетінде көлік иелерін қорқытып, ақша алып отырған қылмыстық топ ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Өзбекстан Республикасына өтуден бас тартқан жағдайда, қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, жүк автокөліктерінің алдыңғы әйнектерін сындырып, дөңгелектерін тескен.

Енді әлеуметтік желілерде полицейлердің үстінен шағымдануға болады

Планшеттер белсенді қолданылады, олардың көмегімен хаттамалар электронды түрде жасалады.