Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зүлқия Жұматова қайтыс болды

0
178


Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зүлқия Жұматова қайтыс болды

24.kz

ERNUR.KZ. Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Зүлқия Жұматова 106 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Зүлқия Мұқанқызы Жұматова – қазақ телевизиясының қалыптасуына атсалысқан ардагер мамандардың бірі. Ол отандық телевизияның дамуына, қазақ тіліндегі хабар тарату ісінің өркендеуіне елеулі үлес қосты.

Зүлқия Жұматова 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 15 жасында анасынан айырылып, жастайынан өмірдің талай қиындығын бастан өткерген.