​Ішімдік ішкендерге "бас жазатын" 10 әдіс

0
5 676

Бұл ем асқазанды тазалап, бас ауруынан айықтырады.


​Ішімдік ішкендерге

сурет: news.vse42.ru

Ішімдіктен улану – әсіресе мереке кезінде көп болады. Қызығы сол бір күн бұрын өз еркімізбен асқазынымызды улаймыз да, ертеңіне уыттан арылудың емін іздейміз. Арамызда "бас жазар" жасайтындар да жоқ емес. Бүгінгі халық емінің тақырыбын ішімдіктен келген уытты шығаруға көмектесетін ем түрлерімен толықтырмақпыз. Сонымен:

сурет: socium-a.ru

  1. Ең бірінші асқазанды уыттан тазалау керек. Ол үшін 1 литр қайнаған жылы суға 1 ас қасық ас содасын араластырыңыз. Өзіңізді қинасаңыз да судың бәрін ішіп тауысуға тырысыңыз. Артынан қасықты немесе сұқ саусағыңызды аузыңызға тығып, құсуға әрекеттеніңіз.
  2. Тазаланған соң өзіңізді айтарлықтай жайлы сезінесіз. Ұйқыңыз келіп, жатуға ыңғайланасыз. Оған асықпаңыз. 5 минуттай уақыт оздырып, соңынан 4-5 дана белсендірілген көмір ішіңіз. Сосын қырыңызбен жатып аз уақыт демалыңыз.
  3. Шамамен жарты сағаттан соң бал қосылған су ішіңіз. Бұл асқазанды тазалап, бойыңызға қуат береді. Бір ішкенде 150 грамдай су ішуіңіз керек.
  4. Несеп айдайтын шайдың де көмегі орасан. Ол үшін ақжелкен тамырын, жөке гүлін (липа), жалбыз (мята), қырықбуын (хвощ) мен тасшөпті (чабрец) бірдей көлемде алып, қайнатасыз. Дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, жылы күйінде ішесіз.

Бұл емдік сусын асқазан мен ішекті жуып, ағзадағы уытты несеп арқылы сыртқа шығарады.


сурет: mykorus.ru

5. Ішімдіктің уын запырангүлдің (шафран) тұнбасы да жақсы кетіреді. Ол үшін 2 стақан қайнаған суға десертке арналған қасықпен ұнтақталған запырангүлді араластырасыз. Салқындағанша бетін жауып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, аз-аз жұтымнан ішесіз.

6. 2 дана жұмыртқаның ақуызын жақсылап көпіршітіп алып, ішіңіз. Бұл да өз кезегінде уланудан құтқарады. 1 дана шикі жұмыртқа мен 1 шай қасық балды араластырып, ішіңіз.

7. Жарты стақан суға 10 тамшы мүсәтір спиртін немесе алма сіркесуын араластырып ішсеңіз де, асқазаныңызға жеңілдік береді. Емді бір-бір ұрттамнан әр 15 минут сайын жүргізесіз.

8. Асқазаныңызды әбден тазартып алған соң, жаужапырақ (мелисса) тұнбасын ішіңіз. Оны дайындау үшін 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық емдік шөпті саласыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, жарты стақаннан тамақтан алдын қабылдайсыз.

9. 1 стақан апельсин шырынын ішіңіз немесе жарты лимонды сығып сөлі мен 1 шай қасық шекер араластырып, аз-аздан ішіңіз. Бұл сусын қандағы қант деңгейін реттейді, әлсіздіктен арылтады, бас ауруын қойдырады.

10. 1 стақан қызанақ шырынына 10 тамшы сірке суы мен 1 дана шикі жұмыртқаны араластырып ішіңіз. Бұл сусын асқазанды жуып, ағзаңызды уыттан тазартады.

Әлбетте, бұлай қиналғанша алкогольді ішімдікті мүлде ішпеген дұрыс. Спиртті ішімдіктің қайсыбірі болмасын, ағза үшін у екендігін есте сақтаңыз. Алкоголь - адам өміріне қауіпті!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Буға күйіп қалғанда ем болатын 9 әдіс


Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді