​«1 миллион теңге ұсынды»: Блогер Камила Әділхан тойына қатысатындар үшін аукцион жариялады

0
5 919

«Жағдайы жетпегендер тікелей эфирден тегін тамашалайды»


​«1 миллион теңге ұсынды»: Блогер Камила Әділхан тойына қатысатындар үшін аукцион жариялады

Көпшілікке «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған блогерлер Мағжан мен Камила АҚШ-қа қоныс аударуға байланысты «Жолаяқ» тойын жасамақшы.


Алматыдағы ең қымбат мейрамхананы таңдап, 100 орынға тапсырыс берген ерлі-зайыптылар қарапайым адамдардың қатысуына аукцион жариялап отыр.


«Тойға екі-ақ күн қалды, дайындыққа уақытжетпей жатыр. 100 орын дегенбіз, 97 орын толып қалыпты. «Оқырмандарым ше?» деп қалдым сосын. Енді бір стол қосамыз ба, орын да арзан емес ше...


Сосын біз оқырмандарымыздың тойға келуін шештік. «Жолаяқ» тойына 3 орынға аукцион жасаймыз. Қызық болайын деп тұр. Кім қанша ұсынады екен? 24 сағат ішінде анықталады, жеңімпаз 3 адамды сториске саламын», - деп жазды блогер.



Ол сондай-ақ аукционға қатысуға жағдайы келмейтін кісілерге тойды тікелей эфирден тегін көруге кеңес берді.


«Менің кеңесім: тек той көргіңіз келсе, тікелей эфирден тегін-ақ көре салыңыз. Ал таныстық орнату, мықты орта қалыптастырып, бірге контент жасап, сол ортаны сезінгіңіз келсе, аукционға қатысыңыз.


Басында ұялдым, «тойға орын сатқаны несі» деп. Ұйымдастырушылардан дәл осылай сұрадым. Бірақ олар «сіздер орын сатып отқан жоқсыздар, қазақтың тойында міндетті түрде сыйлықтарымен, ақшаларымен келеді, олар солай келе жатыр деп ойлаңыз» деп түсіндірді. Сондықтан, тойға қатысатын 3 адамның құлағына алтын сырға, кәсібіңізге, жеке брендіңізге, инстаңызға пайдалы дүние алып қайтасыз», - деді Камила Әділхан.


Блогер аукион басталғанын хабарлаған 15 минут ішінде жүздеген адам қатысуға ниет білдіріпті. Арасында 1 миллион, 400 мың теңге және 300 мың теңге ұсынған кісілер бар екен. «Мұндайды білгенде тойды тек оқырмандарыма жасап берер едім ғой, шок болдым», - деп таңданды Камила.