​«65 миллионнан басталады»: Тұрсын Алагөзов Атхамбек Юлдашевқа су жаңа көлік сыйлады (видео)

0
1 855

«Атхамбектің емшілік қасиеті бар еді..»


​«65 миллионнан басталады»: Тұрсын Алагөзов Атхамбек Юлдашевқа су жаңа көлік сыйлады (видео)

Отандық продюсер, актриса Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевқа қымбат сыйлық тарту етті. Ол өнер иесіне су жаңа «Cadillac Escalade» маркалы көліктің кілтін ұстатты. Аталмыш көліктің нарықтағы құны 65 миллион теңгеден басталады.


«Біздің бауырлас қазақ халқының атынан, ағамызға сылаймыз. Мен сізге денсаулық пен бақыт тілеймін. Махаббат тілеймін», - деді кәсіпкер Тұрсын Алагөзов.


Желіге жарияланған видеодан кәсіпкер мен әншінің автосалонда тұрғанын байқауға болады. Қып-қызыл «Cadillac Escalade» көлігін көргенде Атхамбек Юлдашев қуанышын жасыра алмады.


«Көлікке сөзім жоқ. Өте керемет екен. Мен бұған мінуге қорқып тұрмын» деді өнер иесі.


Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға өз пікірлерін білдірді.


«Құтты болсын, бұл кісі қазақтарды құрметтейді, тілін сыйлайды, әнін де қазақша айтады, дұрыс болған екен», «Алагөзов мәрттік жасапты», «Атхамбек жақсы әнші, өнерін бағалаймын», «Өзіміздің қазақтарды жарылқамай ма одан да», «Өте қымбат сыйлық жасапты, бірақ оны не үшін берген?», «Атхамбектің емшілік қасиеті бар еді, Тұрсынды оқыған шығар», «Атхамбек таза қазақша сөйлейді, ал біздің қазақ қасында орысша сөйлеп тұр, ұят-ай» деп жазды көпшілік.