Көпшілігі оның үйреншікті сәнді образдарынан алшақтағанына тәнті болып жатыр.
Фото: Instagram/dinarasatzhan
Қазақстандық танымал тележүргізуші және блогер Динара Сәтжан әлеуметтік желі қолданушыларын қарапайым бейнесімен тәнті етті. Ол үй жағдайында қамыр жайып жатқан видеосын жариялап, көпшіліктің жылы пікіріне ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram парақшасында жарияланған видеода тележүргізуші сәнді образдарынан алшақтап, үй халатында қамыр жайып жатыр. Көпшілік Динара Сәтжанның қарапайымдылығына ерекше назар аударды.
«Абысындардан шеберлік сабағы» деп жазды ол бейнежазба астына.
Бейнеролик қысқа уақыт ішінде көптеген лүпіл мен пікір жинады. Желі қолданушылары танымал тұлғаның шынайылығын жоғары бағалап жатыр.