"Адамды еліктіріп әкететін дүние көп екен": Роза Рымбаеваның келіні өмірлік тәжірибесімен бөлісті

0
5 805

Ақерке Бүркітбай: "Осыны түйдім"


Роза Рымбаеваның келіні өз тәжірибесімен бөлісіп, оқырмандарын өз таңдауларымен жүруге шақырды. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Бір түйгенім. Қазір біраз дүниені сырттан бақылап қарасам адамды еліктіріп әкететін дүние көп екен. Негізгінің орнына қосымша жұмыс немесе қосымша қызығушылығымызды алға қоямыз! Балалық арман мақсатты ұмытып, жанымыздағы құрбымыздың мақтаған оқу орнына түскіміз келеді, достарымыздың айтқан ортасына қосылғымыз келеді немесе бір адамның бір салада жақсы жетістікке жеткенін көріп барлығын тастап сол салаға барсақ бір ақшаның астына көміліп немесе біз армандаған өмірге сол дүние жеткізетін сияқты көрінеді!!!

Тоқта!
Сен ішкі жаның нені қалайды?
Балалық арманың не болды?
Жетістіктің онда бір құпиясымен бөлісейн! Кез келген жан қалауыңмен істеген жұмыс сенің сол салада дамуыңа тіпті шын жүректен істендіктен қаржылай жағдайыңды да көтеруге әсерін тигізеді! Өз өмірімнен практика. Жаныңның қалағанын жасасаң міндетті түрде нәтиже аласың!!!
Өзгенің арманын емес, өзіңнің жан қалауың сені жетістікке жеткізеді! Ал, сізді жетістікке жеткізетін дүние не? Өз ойыңызбен бөлісіп кетсеңіз" деп жазды.

Мұны оқыған оқырмандары оның пікірін қолдайтындарын жеткізген. Дегенмен арасында осы мәселе туралы ойланып, шешім қабылдай алмай жүргендердің де бар екенін аңғаруға болады.