"Өнер қырандарының" мүшесі "Мәдениет саласының үздігі" атанды

0
4 113

Өнер иесінің ерекше марапатқа ие болғаны туралы оның жұбайы хабарлаған.


ERNUR.KZ. "Өнер қырандары" арқылы көпшілікке танылған Мадияр Серікбаев "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Белгілі әзілкештің осы күнге дейінгі еңбегі бағаланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серікбаевтың ерекше марапатқа ие болғаны туралы алғашқылардың бірі болып оның жұбайы Дана Тұрарбек хабарлаған.
Ол Instagram желісінде жұртшылықтан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығымен бөліскен.
"Алақай Аллаға сансыз шүкір менің Мырзам "Қ.Р. мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды! Нағыз еңбек, нағыз лайықты тұлға деп ойлаймын. Жаным құтты болсын, рәтті болсын. Алар асуларыңыз әлі алда. Біз сізбен біргеміз" , - деп жазған әзілкештің жары.
Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей де әзіл әлеміндегі әріптесін құттықтауды ұмытпаған.
"Елге жасап жатқан еңбегің еселенсін, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүре бер Мәке! Құтты болсын" , - деп жазды ол өз парақшасында.
Желі қолданушылары да Мадияр Серікбаев үшін қуанышты екенін айтып, жылы лебіздерін жазуда.