Алдымен суреттерді әншінің жұбайы, "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай өзінің instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады.
Сурет: Instagram/aliokapov
Алдымен суреттерді әншінің жұбайы, "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай өзінің instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады. Көп ұзамай суреттермен Оқаповтың өзі де бөлісті. Мұрағаттық кескіндерден кішкентай Әли мен оның інісі Мәдиді, сондай-ақ Роза Рымбаева мен марқұм жолдасы Тасқын Оқаповты көруге болады.

Сурет: Instagram/akerkeburkitbay
Жуырда ағайындылар жағымды жаңалықпен бөліскен болатын. Олар Жұбаныш Жексенұлының "Өкінбе сен" әніне кавер жазып, әнге жаңа тыныс берді.
Сондай-ақ, Әли мен Мәди әнді орындауға рұқсат берген Жұбаныш Жексенұлына алғыстарын білдірді.
Жазбадағы пікірлерге сүйенсек, дуэт көпшіліктің көңілінен шыққан көрінеді.
- Қазақтың үлгі алар азаматтары! Аман болыңыздар!
- Әлижан, Мадижан үлкен сәттілік, жолдарың бола берсін!
- Керемет, сәттілік серіктерің болсын қос бауыр!
- Міне ағалық, інілік қарым-қатнас, сыйластық. Ән керемет!