Әли Оқапов: Димаштың бір де бір ХИТ әні жоқ!

0
3 396

Танымал эстрада әншісі Әли Оқапов бүкіл әлемді таңдай қақтырған Димаштың хит әнінің жоқтығын айтып сынға алды.


Әли Оқапов: Димаштың бір де бір ХИТ әні жоқ!

фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақ примадоннасының тұңғышы Әли Оқапов күллі әлемді дауыс ерекшелігімен тамсандырған Димаштың репертуарында хит ән жоқ екендігін жеткізді. Бұл туралы жас әнші НТК арнасындағы "РЕВЮ" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Әлидің пайымынша, Димаш дегенде тек адамдық тұлғасы мен ерекше дауыс ойға оралады. Алайда, артына із болып қалатын ешбір туындысының жоқтығы оны қынжылтады. Тек әлемдік танымал туындыларды орындап қана тыңдарманның жүрегін жаулап алған әнші деп біледі Роза Рымбаеваның ұлы.

"Димаш дегенде бірінші, Димаштың өзін және оның дауысын көз алдына аламыз. Ал Димаш осындай ән дейтіндей бірде бір ән өкінішке орай, шықпады. Ол енді ақиқат, ол - шындық. Бірнеше бейнебаяндары бар екенін білем. Қаншама концерттер бергенін де білемін. Ең біріншіден, Димаш әлемдік әндердің каверларын орындаудан өз тыңдарманын тауып алған", - деп жеткізді ойын Әли Оқапов

Димаштың авторлық хит әнінің жоқтығын алға тартқан замандасының сөзін өнердің жілік майын ішкен аға буын құптамай отыр. Олардың ойынша, Димаш шырқаған әр шығарманың өз ерекшелігі бар.

"Оның барлық әні хит. Мен онымен келіспеймін. Өйткені бізде арзанқол әндерді хит етіп алған. Бүгін на-на-на деп айтса, ол ертең хит болады. Жұлдыз болғың келсе жобасында "Дайдидау-ай" әнін төрт жасар балаға дейін айтады және барлығы Димаш сияқты айтуға тырысады", - дейді Майра Ілиясова.

"Димаштың әр орындаған әндері, жеке болсын, авторлық әндері болсын немесе каверлары болсын, барлығы жаңалық болып шығады. Димаштың ерекшелігі сол. Ол әр әнге фишкалар қосады, жаңалық еңгізеді" , - деп ойын білдірді танымал композитор Ринат Гайсин.

Тума таланттың тынбай еңбек етіп, төккен терінің нәтежиесін тыңдармандары жақсы біледі. Әншінің өзі хит деп білетін Димаштың жанкүйерлерінің айтар пікірлері бар екен. "Димаштың тырнағына да татымайсың. Сен кімсің, Димаштың кім екендігін мамаңнан сұрап көрші", "Димаштың өзі хит!", "Әлиді де білетін адамдар көп емес мамасы болмаса" деген пікірлер жазылған.