"Алпамыс батыр" жырын жатқа айтқан жұлдыздар елді сүйсіндірді (видео)

0
2 069

Олардың ішінде министрлер де бар.


Елге танымал жұлдыздар "Алпамыс жырын" жатқа оқып, әлеуметтік желіде эстафета жүргізіп жатыр. Мұны «Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасын қолдау мақсатында арнайы ұйымдастырған.

Эстафетаны аталмыш жобаның жетекшісі Серік Сейтман бірнеше ай бұрын бастап берген болатын. Одан кейін Бекжан Тұрыс, Сәкен Майғазиев, Ринат Кертаев, Аян Өтепбергенов, Асылхан Төлепов және басқа да елге танымал тұлғалар "Алпамыс батыр" жырынан өздері оқыған үзінділерін желіге салуда.

Бүгін біз сіздерге бірнеше адамдардың жыр оқыған бейне жазбаларын ұсынамыз. Жырды домбырамен, ерекше әуезбен орындаған айтыскер ақын Дидар Қамиев:


Әншілер мен жыршылардан бөлек, әдебиет жанашырлары саналатын журналистерде бұл шарадан тыс қалған жоқ. Елімізге танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы:


Ләйлә Сұлтанқызы жолдаған эстафетаны Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек мырза да елеусіз қалдырмады.


Министрдің жыр оқығанын тележүргізуші өз парақшасында бөлісіп, өзгелерді де жыр айтуға шақырды. Әрине, мұны көрген басқа да оқырмандар сүйсініп, елді сүю - тарихты дәріптеуден басталатынын айтты.


Фото-видео желіден алынды.

ERNUR.KZ