Әншінің айтуынша әлеуметтік желі оны біршама күйзеліске түсірген.
Фото: жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Zaq лақапатымен белгілі Дулат Мұхаметқали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.
Әншінің айтуынша әлеуметтік желі оны біршама күйзеліске түсірген. Демалыс алып, сол уақытты отбасына арнамақ.
"Мен 6 айға декретке шығып, отбасыммен бірге болуды таңдадым. Үйде отырған кезде әлеуметтік желілер мен жаңалықтарды жиі қарай бастадым. Әлемнен қалып қоймайын деп ойладым. Бірақ желіде тек негатив, жанжалдар мен мақтаншақтық көбейіп кеткенін байқадым. Бұл мені уайымға салып, түрлі қорқыныштар туғыза бастады. Күндіз қызыммен бірге ойнап, күліп жүрсем де, түнде әйелім мен қызым ұйықтап жатқанда, мен лентаны шексіз атқара беретінмін. Сол кезде ішімде күйзеліс жинала берді. Бұрын мен бұны демалыс деп ойлайтынмын, ал шын мәнінде, өзімді одан сайын шаршадым. Қазір түсіндім, демалыс таза, жанға жайлы болуы керек және мүмкіндігінше телефонсыз болғаны жақсы”, – деді әнші.
Еске салайық, екі жас осыдан 5 жыл бұрын "Су асты" бейнебаянының түсірілімінде танысқан. Бет әрлеуші Жадыра Ninety one тобымен турнеге шығып, бірнеше ай бойы топпен бірге ел аралаған. Алайда жасы үлкен болғандықтан, алғашқыда Дулатқа жігіт ретінде қарамағанын жасырмаған еді.
“Оның жасы менен кіші. Сондықтан інім сияқты қабылдадым. Турне кезінде 4 ай бірге жүрдік. Қаладан қалаға жол жүрген кезде көп әңгімелесетінбіз. Әдетте мен жалғыз отыратынмын. Бір жолы Bala менімен орын ауысуды сұрады. Әдейі жасады ма, әлде кездейсоқ солай болды ма, білмеймін. Сол кезде Дулаттың жанына отырдым. Түнімен әңгімелестік. Бұл әлемге көзқарасымыз бірдей екенін түсінген кезде қатты таңғалдым. Ондай адам өмірде жоқ шығар деп ойладым", – деп бөліскен еді рэпердің жұбайы.