​«Алтынға қан тамызу керек»: Қарақат Әбілдина тылсым жағдайға тап болғанын айтты

0
1 100

«Жарты жылда төрт сырға жоғалттық»


​«Алтынға қан тамызу керек»: Қарақат Әбілдина тылсым жағдайға тап болғанын айтты

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина қызы Аяланың басынан өтіп жатқан тылсым жағдаймен бөлісті. Айтуынша, қызының сол құлағындағы алтын сырғасы осымен төртінші мәрте жоғалып кетіпті.


«Аяланың айтқанына таңғалып, таң-тамаша болып отырмын. Аяланың құлағын 7 жасында құлағын тесіп, сырға таққанбыз. Бұл не нәрсе, достар? Мына сол құлағындағы сырғасы төртінші мәрте жоғалып отыр. Оң құлағы емес, сол құлағындағысын таба алмай қаламыз. Жайшылықта ол сырғаны шешу мүмкін емес, әрең тағатынбыз. Оңай шешілмейді. Аяланың құлағын ұстап, ойнайтындай әдеті жоқ. Сонда бұл қалай болғаны, мұны қалай түсінсем екен», - деп сауал тастады өнер иесі.


Қарақаттың жазбасына желі қолданушылары өз болжамдарын жазды.


«Балаға тіл-көз өткен. Сондай кезде жоғалады, моншақ болса үзіледі. Оны қайта құрап тағуға болмайды», «Көз тиген. Жоғалғаны жақсы, ауыртпашылық сол сырғамен кетеді», «Кішкентайларыңызды желіге көп саласыз, қылықтарына көз қадалады ғой, «Алтын болса көз тигеннен жоғалады», «Бәлкім дұрыс тесілмеген шығар, ондай да болады екен», «Алтын көшпелі зат қой, сондықтан алтын алғанда қан тамызу керек, саусақты инемен тесіп», «Садақа жасап тұру керек, сонда заттар жоғалуын тоқтатады», «Бұл саған берілген ескерту, мұқтаждарға садақа беріп тұр» деп жазды көпшілік.