«Аналық махаббатымды берер едім»: Жазира Байырбекова Украинада ата-анасыз қалған балаларды асырап алмақ

0
1 599

«Ұлтына, дініне қарамас едік...»


«Аналық махаббатымды берер едім»: Жазира Байырбекова Украинада ата-анасыз қалған балаларды асырап алмақ

Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады.

Украинадағы ұрыс кезінде ата-анасынан айырылған балалардың видеосы әнші Жазира Байырбекованың жүрегін елжіретті. Өнер иесі ұлты мен дініне қарамастан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилерді асырап алғысы келеді. Бұл туралы әншінің өзі айтып берді.
"Украинада соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе, 2-3 бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім", – деп ағынан жарылды Байырбекова.
Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады.