Әнші Рүстем Жүгінісов сотқа тартылатын болды

0
61

Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот блогер Рустем Жүгінісовке қатысты істі қарап жатыр.


Әнші Рүстем Жүгінісов сотқа тартылатын болды

фото: Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соттың кестесінде әнші Рүстем Жүгінісовтің (Мирас Жүгінісовтің ағасы) ісі пайда болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот блогер Рустем Жүгінісовке қатысты істі қарап жатыр.

Астана соттарының мәліметінше, ол Қазақстан аумағында қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін мәліметтерді қамтитын бұқаралық ақпарат құралдары өнімін таратты деген айыппен (ҚР ӘҚБтК 453-бабының 2-бөлігі) жауапқа тартылуда.

Әншінің қай мәлімдемесі бұл іске себеп болғаны әзірге белгісіз. Алайда алдын ала болжам бойынша, іс Ақтөбедегі мешітте болған оқиғаға қатысты Рүстем Жүгінісовтің реакциясына байланысты болуы мүмкін.

Ақтөбедегі жағдай және әншінің пікірі

Бұған дейін әлеуметтік желіде бейнежазба тараған еді. Онда белгісіз ер адам жас қызға «бір реттік неке» ұсынып, іс жүзінде оны интимдік қатынасқа шақырған.

Рүстем Жүгенусов бұл оқиғада қызды арандатушылық жасады деп айыптап, былай деген:

– Қыздар, мұндай жағдайға себеп бермеңіздер. Жалғыз жүрмеңіздер. Әйел үшін мешіт – ол үйі. Намазды үйде оқыңыздар. Намаздан кейін кешкісін қыдырмаңыздар. Бәлкім, өз мінез-құлқыңызбен ер іздеп жүргендей әсер қалдыратын боларсыздар, – деген еді ол.

Сонымен қатар ол қыздың мешітке жалғыз бармай, қасында әкесі не ағасы ілесіп жүруі керектігін де атап өткен.