"Арасында шай дайындап бергені болмаса, қиындық көрсетпедім": Гүлзира Айдарбекова келінімен қарым-қатынасы туралы айтты

0
1 842

"Келіндермен ұзақ уақыт бірге тұрған емеспін" - дейді продюсер.


Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова отандық бағдарламалардың біріне келіндермен қарым қатынасы туралы айтты. Оның айтуынша, келіндері аса қиындық көрмеген екен.

Бұл туралы ойын "Келіндерім менің көрмегенімді көрмесін деп армандайтын ененің бірімін. Еш уақытта сыпыртқы ұстатып, тряпка ұстатып, жұмысқа жегіп қойдым дей алмаймын. Келін болып түскен кездерінен бастап көмекшілері болды. Арасында шай дайындап бергені болмаса, кейде өздері жақсы көретін тамақтарын жасағаны болмаса, келінге қиындық көрсеттім деп айта алмаймын.

Керісінше кем кетігін туырлап, бала-шағасының киімдерін түгендеп бергенім болмаса ұзақ та тұрған емеспін. Арасында сағынысып барып қайтамын" деп түйіндеді.


Сондай-ақ Гүлзира Үсенқызы ұлы Қайрат пен келіні Жұлдыздың ажыраспағанын айтты. Оларды "бірге" деген хитменнің анасы ондай жағдай болса, "ел естиді ғой" дейді.

Гүлзира Айдарбекованың бұл сөзін естіген желі қолданушылары түрлі пікірлер жазуда. Олардың көпшілігі "Олардың жеке өмірі болмаған сияқты, сіз үнемі бірге жүресіз ғой", "Жұлдыз қазір неге тек балаларымен ғана жүреді" деген ауандағы ойларын жазған.