Аша Матай ішкиімге ақша аямайтынын айтты

0
2 549

Бұл арна көрермендеріне ұнамай қалған сыңайлы...


Аша Матай ішкиімге ақша аямайтынын айтты

Сұлулығы мен киіну стиліне аса назар аударатын әнші Аша Матай ішкиімге қаражатты аяп қалмайтынын айтты.

Ол YouTube арнасындағы "Ойбай шоу" бағдарламасының жүргізуші Мұхит Сапарбековтың қойған сұрақтарына толыққанды жауап беруден бас тартты. Дегенмен де, "ішкиіміңіз қанша тұрады?" деген сауалға әнші әрі актиса қаражатты аяп қалмайтынын жеткізді.

"Бұл ұят зат болды. Дегенмен, мен бұған ақшаны аямаймын. Құнын да, маркасын да айта алмаймын", - деп сөзін аяқтады.

Ал, көзі қарақты көрерменнің бұл сұхбатқа айтар өзіндік ойы бар екен. Дәл осы сұрақты масқараға балайтын оқырмандар Аша Матайды сөгіп жатыр.

"Аша ханым, бұл бір ұят зат екенін біле тұра неге жауап беріп тұрсыз. Басты қатырмашы деп айту керек едіңіз ғой", "Әттең-ай, сізден бұндайды күтпеген едік", "Аша саған қят қой, анау Мұхитқа бәрібір" деп әншіге деген ренішін жазып жатыр.

Ал әнші әрі актриса Жарқынай ішкиімінің қанша тұратынын ашып айтты. Тек фирмалық тауарларды тұтынатын әншінің ішкиімінің төменгісі 15 мың, үстіңгі жағы да дәл осы бағада екен.

"Ерлердікі арзан болатын шығар, Біз енді жақсы фирмадан алғанмын. Үстімдегі 15, асты да сол бағада", - деп нақты бағасымен айтып берді.

ERNUR.KZ